Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің  2018 жылдың 10 қаңтардағы Жолдауын талқылау

2018 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Елбасының халыққа Жолдауын қолдау және насихаттау мақсатымен барлық білім беру ұйымдарында ұжым жиналыстары өткізіліп, 10-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізілді.

Қатысушылар «жаңа әлем – Төртінші өндірістік революция әлеміндегі табысты навигация және бейімдеу» жолдарын айқындайтын міндеттерді талқылады. «Тиімді мемлекеттік басқару», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі», «Ақылды ұлт» үшін «ақылды қалалар» сияқты міндеттер қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Білім берудің жаңа сапасын анықтайтын «Адами капитал – жаңғыру кепілі» атты 7-міндеті ұстаздармен кеңінен талқыланды.