Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша орыс және ағылшын тілдерінен беретін жас мұғалімдерге арналған қалалық семинар

2018 жылдың 10 қаңтарында «№ 35 орта мектебі» базасында орыс және ағылшын тілдерінен беретін жас мұғалімдерге арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны: сөйлеу қызметінің 4 түрі» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.

Мақсаты: орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін тарату.

Семинарды ҚӘК әдіскері М.С. Жондыбаева ашты. Өз сөзінде ол жас мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткенін және барлық ресурстарды, әдістемелерді білетінін атап өтті, дегенмен бұл семинарда тәжірибелі мұғалімдер жас мұғалімдерді одан әрі ынталандыру үшін, олардың қала мектептеріндегі мұғалімдермен тәжірибе бөлісе алуы үшін тәжірибелерімен бөлісті. 

№ 35 орта мектебінің мұғалімдері Г.А. Әділханова және Г.О. Халелова «Приемы мотивации на уроках русского языка и литературы» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Жұмыс басында психологиялық тренинг өткізіліп, жағымды әсер беруге көмектескен притчадан үзінді көрсетілді. Жас мұғалімдер топпен жұмыс жасады. Осылайша жас мұғалімдер сабақтың әртүрлі кезеңіндегі жұмыс тәсілдерімен танысып, рефлексия кезінде қолданылатын стратегияларды байқады. 

Келесі шеберлік сыныбын № 27 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Қанатова өткізіп, оның сабақтарда жаңартылған білім беру мазмұны аясында қолданатын жұмыс әдістері мен тәсілдерін көрсетті. 

Одан әрі № 18 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі К.Б. Толыспаева сөз сөйледі. Ол жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жұмыстың ерекшеліктері жайында айтып, оның сабақтарда қолданатын жұмыс әдістері мен тәсілдерін көрсетті.    

Рефлексия жүргізілді. Шеберлік сыныбына қатысқан жас мұғалімдер сөз сөйлеушілердің жұмысына жоғары баға берді.