Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Өмірге қажетті психология» педагог-психологтар онкүндігінің қорытындысы

Отбасын және балалықты қолдау орталығында желтоқсан айының 14нен 29 аралығында «Өмірге қажетті психология» тақырыбында педагог-психологтардың онкүндігі өтті.  Онкүндіктің басты мақсаты психология ғылымының маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, оның адам өміріндегі рөлі мен орнын көрсету болды. 

Ең пайдалы әрі қызықты іс-шаралар ретінде ата-аналарға, ОШС келушілеріне, орталық мамандарына арналған семинарлар мен дәрістер болды. Онкүндіктің ашылуы дәліздің  тақырыптық безендіруімен есте қалды, мұнда келген әрбір адам психология әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік алды.

ОШС келушілері, сонымен қатар балалар мен олардың ата-аналары, орталықтың тұтынушылары «Бәріне арналған психология» акциясына бірнеше рет қатысты.

Жаңа жыл қарсаңында «Аяз ата шеберханасы» өткізілді. Бұл іс-шараға Оқушылар шығармашылық сарайына келуші балалар қатысты.  

Орталық тұтынушыларына арналған келесі іс-шара «Өз балаңызды білесіз бе?» тақырыбында өткізілді, оған балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты ата-аналардың өз баласын тануға қызығушылықтарын арттыру, баламен өзара белсенді іс-қимыл жасауға жәрдемдесу.

Мамандардың кәсіби деңгейді арттыру, тәжірибе алмасу және эмоциялық қажудың алдын-алу  мақсатында  «Тұтынушыларға бала-ата-ана қарым-қатынасы саласында кеңес беру кезіндегі жұмыс үлгілері. Мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында  семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында орталық мамандары  аталмыш мәселе бойынша  құнды тәжірибе алмасуға және кеңес берудің тәжірибелік дағдыларын алуға мүмкіндік алды.

Педагог-психологтардың онкүндігі аясында өткізілген барлық іс-шаралар қатысушылардың қызығушылығын оятып, жағымды әсерлер мен тамаша көңіл-күй сыйлады.