Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының «ҰБТ мектебі» қысқы Кіші Академиясы

Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жоспары бойынша қысқы Кіші Академия «ҰБТ мектебі» 2018 жылдың 3-5 қаңтар аралығында «№ 36 орта мектебі» КММ базасында өтті. «Алтын белгі» және үздік аттестатқа үміткер 11 сынып оқушыларына арналған математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, сондай-ақ математика, Қазақстан тарихы, физика, география, биология, ағылшын тілі және т.б. пәндерден тапсымаларды талдау  бойынша дәріс өткізілді.

Дәріс М.Н. Серікбаева (№ 20 ом.), О.В. Пустовет (№ 2 жбм.), Т.Е. Қалиақперова (№ 32 ом.), А.В. Рябичева (№ 29 ом.) сынды қала мектептерінің тәжірибелі психологтары әзірлеген психологиялық тренингтен басталды.

Дәріс барысында түлектер топта жұмыс жасай отырып, ҰБТ пәндері бойынша тесттік тапсырмалардың ерекшелігімен танысты, логикалық тапсырмаларды шешудің әртүрлі тәсілдерін талқылады. Осының барлығы оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуларының алғашқы қадамы.  Жаңа білім алу, пәндер бойынша күрделі мәселелерді талдау, тапсырмаларды шешудің ұтымды тәсілдерімен танысу және т.б. «ҰБТ мектебі»  Кіші Академиясының  түйінді идеялары болды.

Түлектер өтініші бойынша бірнеше рет сабақ өткізген мұғалімдер: Б.Н. Бейғанова (№ 20 ом.), Н.А. Нех (№ 36 ом.), И.И. Гусева (№ 30 жбм), С.А. Бикенова (№ 16 ом.), И.М. Дорморост (№ 11 мл), Т.Н. Парий (№ 30 жбм), А.А. Мұртазалиева (№ 43 мл.), А.А. Плеслова (№ 38 г.), Р. Қожекенова (№ 3 мл.), Б.М. Сейтқазинова (№ 7 ом.), А.Ч. Әбілмәжінова (№ 3 мл.), Н.А. Крылова (№ 7 ом.), А.К. Токтарғожина (№ 5 ом.), Л.Н. Полянцева (№ 10 мг.), А.Ф. Оразбекова (№ 35 ом.), А. Торғаин (№ 33 ом.), И.И. Гусева (№ 30 жбм), Г.К. Исанова (№ 39 ом.), А.С. Бигелдинова (№ 3 мл), Н.А. Воевода (№ 37 ом.). Түлектер дәрістің жоғары дәрежеде өткендігіне байланысты мұғалімдерге өз алғыстарын білдірді