Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жаңартылған  білім  беру бағдарламасы-сабақ беру  үдерісінде» атты қалалық семинар

«№ 46 орта  мектебі» КММ-нің  шаңырағында, қалалық шығармашыл  топ «Жаңартылған  білім  беру бағдарламасы-сабақ беру  үдерісінде» атты  тақырыпта   қалалық семинар өткізді.  Семинарға  қала  мектептерінің  47  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдері  қатысты. 

 «№ 46 орта  мектебі» КММ -нің  директоры  Г.Б. Ауғанбаева кіріспе сөзін  сөйледі. ҚБбБ-нің әдіскері З.С.Скакова  семинардың  жаңартылған бағдарламаның негізгі идеяларымен таныстыру,  аталмыш идеяларды оқу үрдісіне енгізу, оқу үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға жағдай жасау міндеттері бойынша ұйымдастырылып  жатқандығын  айтты.

«№ 5  орта  мектебі» КММ-нің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі  Р.А.  Корабаева  қатысушы  мұғалімдерді топқа бөлуді  ұйымдастырды. Кейіннен  мұғалімдер  4  топқа  жайғасқаннан  кейін  «Ахмер  орта  мектебі» КММ-нің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі  Д.К. Торпакова  жаңартылған  білім  берудегі  негізгі  ұғымдармен  таныстырып  өтті.   «№ 45  орта  мектебі» КММ-нің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі  С.С. Мадыева 5 сынып  бойынша өзі  құрастырған  орта мерзімді  жоспарлаудың  үлгісін  ұсынды.  Кейіннен  «Ахмер  орта  мектебі» КММ-нің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі  М.Т. Тастағанова  және «№ 46  орта  мектебі» КММ-нің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі  Б.Т. Интыкпаева жаңартылған  оқыту  бойынша  бағалауды  ұйымдастыру  жайлы  мәлімет  берді.  Теориялық  білімнен  кейін  мұғалімдермен  практикалық  жұмыстар  жүргізілді.  «Ш. Құдайбердіұлының  атындағы № 1 орта  мектебі» КММ-нің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі Б.А. Сүлейменова  қатысушы  мұғалімдерге инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын көрсетті. Семинарды  қорытындылау  мақсатында  «№ 22 орта  мектебі» КММ-нің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі К.С. Усанова мұғалімдермен  кері  байланыс  орнатты.

Барлық қатысушылардың көңілінен шыққан қалалық шара  өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны  жайлы  айтылды.